Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Қонаевта 19 стихиялық қоқыс орыны жойылды

Қонаевта 19 стихиялық қоқыс орыны жойылды

20 қаралым

Қонаев қаласында «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбіліктер ғана ұйымдастырылып қоймай, кешенді жұмыстар жүргізілуде.

Мысалы, жыл басынан шаһарда 19 стихиялық қоқыс орындары жойылған. Қазіргі таңда «Ғарыш Сапары» геопорталында қала аумағында қоқыс үйінділері тіркелмеген. Дегенмен, «Жасыл қала Қонаев» мекемесі басқа да анықталған қоқыс үйінділерін тазалап жатыр. Бұл жұмысқа 30-ға жуық қызметкер мен 4 арнайы техника жұмылдырылған.

Келесі кешенді жұмыстың бірі – «Заң мен тәртіп» қағидаты және экоакция шеңберінде халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қажет болған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тарту. Бұл бағытта тамыз айында ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы (Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу) бойынша 149 адамға ескерту беріліп, 1 жеке тұлғаға 43250 тг айыппұл салынды. Ал ҚР ӘҚБтК-нің 434-2 бабына (Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау) сәйкес, 64875 тг айыппұл салынды.

Қонаев әкімдігі тұрғындарды қоқысты арнайы орындарға тастап, тазалық сақтауға шақырады.