Конституция – мемлекеттің негізгі заңы және азаматтардың құқықтары мен міндеттерінің құқықтық негізі. Балқаш ауданының әрбір тұрғыны өзінің негізгі құқықтарын білуі және заң талаптарын құрметтеуі маңызды. Құқықтық сауатты азамат өз мүддесін заң аясында қорғай алады. Сонымен қатар әр құқықтың белгілі бір міндетпен қатар жүретінін түсіну қажет. Заңды құрметтеу күнделікті өмірдегі қарапайым тәртіптен басталады. Жастарға Конституцияның мәнін түсіндіру олардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Құқықты білу – жауапты азамат болудың алғашқы қадамы.
Бақтығали ДӘУІТБАЕВ
Балқаш ауданы