Перейти к содержимому

Көркейген ауыл – кемел келешек

18 қаралым

«Таза Қазақстан» бастамасы елді мекендерді көркейтіп қана қоймай, тұрғындардың туған жерге деген жанашырлығын арттыруға бағытталған. Осы ретте ауылдар мен елді мекендерде көшелерді тазалау, аумақтарды абаттандыру, қураған бұтақтарды кесу, ағаш отырғызу секілді жұмыстар атқарылуда. Игі іске мемлекеттік мекеме қызметкерлерімен бірге еңбек ұжымдары, жастар және белсенді тұрғындар да атсалысып келеді. Бір адамның тазалыққа жасаған үлесі аз көрінгенімен, көпшіліктің ортақ әрекеті елді мекеннің келбетіне айтарлықтай әсер етеді. Сондықтан әр тұрғын өз ауласынан бастап тазалыққа мән берсе, бұл әдет тұтас қоғамның мәдениетіне айналады. Табиғатты аялау, қоғамдық орындарды таза ұстау және жасыл желекті қорғау – келер ұрпақ алдындағы жауапкершілік. Таза көше, көрікті ауыл – халықтың ортақ еңбегінің нәтижесі.

Ерзат АСЫЛ