Өз құқығын білетін адам заңсыз әрекетке тап болған кезде дұрыс шешім қабылдай алады. Құқықтық сауаттылықты арттыру әсіресе жастар үшін маңызды. Еңбек қатынастары, тұтынушы құқығы, әкімшілік жауапкершілік немесе интернет қауіпсіздігі бойынша қарапайым заң талаптарын білу күнделікті өмірде қажет. Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды. Сондықтан азаматтар сенімді әрі ресми ақпарат көздерінен құқықтық мәлімет алып отырғаны жөн. Заңды білу – тек міндет емес, өз құқығыңды қорғаудың тиімді құралы.
Айжарық КӨПТІЛЕУОВ