Перейти к содержимому

Күрежол бойын тазартты

23 қаралым

         Жамбыл ауданының Ақтерек ауылында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында кезекті тазалық жұмысы жүргізілді. Ауыл тұрғындары мен белсенді азаматтар атсалысқан шараға Ақтерек ауылдық округінің әкімі Ғани Шортанбаев қатысты.

         Сенбілікке осы ауылдан шамамен 30-ға тарта адам шығып, «Алматы-Бішкек» күре жолының аталған округтің аумағымен өтетін бөлігінде тазалық жұмысын жүргізді. Республикалық маңызы бар тас жолдың бойы мен ел үшін стратегиялық нысанға іргелес аумақтар қоқыстан тазартылды. Сонымен қатар ауылға бұрылатын маңда шашылған қалдықтарды жинастырды. Бұл жұмыс туған жерге деген жанашырлық пен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталды. Ауылдың белсенді жастары, сондай-ақ қоғамдық орындарды тазалап, қоршаған ортаның көркін сақтауға өз үлестерін қосты.  

Серік САТЫБАЛДИЕВ

Жамбыл ауданы