Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Ортақ іске жұмылдырған игі бастама

Ортақ іске жұмылдырған игі бастама

17 қаралым

Қарасай ауданы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жасыл ел» еңбек жасақтарының жастары Қаскелең қаласындағы Жастар алеясына тазалық жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында жастар шашылған қоқыстарды жинап, аумақты арамшөптерден тазартты. Сонымен қатар, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға және қала аумағын абаттандыруға өз үлестерін қосты. Аталған жұмыстар жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, табиғатты қорғауға деген жауапкершілікті арттыруға және туған өлкені таза ұстауға бағытталды.

«Таза Қазақстан» ұлттық жобасы – экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталған кешенді жоба. Бұл бастама халықтың санасына тазалық пен жауапкершілік қағидаларын сіңіріп, қоршаған ортаны қорғауға деген көзқарасты жаңа деңгейге көтеруде. Осындай игі істердің нәтижесінде еліміздің табиғаты сақталып, келешек ұрпаққа аманат етіледі деп сенеміз», – дейді жастар.

Ермұрат МҰҚЫРБАЙ