Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасының Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің инспекторлары тұрғындар арасында профилактикалық жұмыстар жүргізіп, отбасылық жанжалдар мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын өткізді. Жұмыс барысында:🔹 отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдары;
🔹 құқықбұзушылықтың салдары мен жауапкершілігі;
🔹 отбасы мүшелері арасындағы сыйластық пен түсіністіктің маңызы;
🔹 қиын жағдайға тап болған азаматтарға көрсетілетін көмек түрлері түсіндірілді.
Полиция қызметкерлері тұрғындарды зорлық-зомбылыққа бейжай қарамауға, құқықбұзушылықтың кез келген фактісі орын алған жағдайда дер кезінде 102 нөміріне хабарласуға шақырады.
Әр отбасы – қауіпсіздік пен сыйластықтың мекені болуы тиіс!
Зорлық-зомбылыққа бірге тосқауыл қояйық!
Гүлназ СҰЛТАНАЙ, Еңбекшіқазақ АПБ ҚҚБ
Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа
қарсы күрес бөлімшесінің бастығы,
полиция капитаны