Райымбек ауданының Сарыжаз ауылында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында тазалық және абаттандыру жұмыстары ұйымдастырылды.
Акция барысында ауыл тұрғындары саябақтар мен көше бойларын ретке келтіріп, аумақтарды қоқыстан тазартты. Сонымен қатар қоғамдық орындардың тазалығын сақтау, ауылдың көркін жақсарту бағытында жұмыстар атқарылды.
Туған жердің тазалығы мен көркеюіне үлес қосқан тұрғындар ортақ іске белсене қатысып, елдімекеннің ажарлы болуына өз үлестерін қосты.
Ақерке БИЖАН
Райымбек ауданы