Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Табиғатты аялау – туған жерге деген жанашырлық

Табиғатты аялау – туған жерге деген жанашырлық

32 қаралым

Экологиялық мәдениетті қалыптастыруды мақсат еткен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясындағы тазалық жұмыстарына Кеген ауданына қарасты барлық ауылдық округ тұрғындары апта сайын атсалысып, белсене қатысып келеді.

Осы орайда Қарқара ауылдық округінде кезекті елді мекеннің тазалығын сақтау, қоршаған ортаны, арықтарды тазалау жұмыстары жүргізілді.

– Тазалық – баршаға ортақ міндет. Әрбір тұрғын туған жерінің көркеюіне өз үлесін қосып, айналамызды таза ұстауға атсалысуы маңызды,– дейді Қарқара ауылдық округінің әкімі Ернұр Сабырбеков.

Таза ауыл – таза орта, таза орта – жарқын болашақ!

Бірлікпен бірлесе атқарылған әрбір іс – туған жерге деген жанашырлықтың белгісі.

Дәурен  ӘБУТӘЛІПОВ

Кеген ауданы