Перейти к содержимому

Таза аула – жайлы орта

14 қаралым

«Таза Қазақстан» бастамасы аясындағы жұмыстар елді мекендердің тазалығын сақтауға ғана емес, тұрғындардың ортақ ортаға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталуда. Аулалар мен көпқабатты үйлердің маңын тазалау, тұрмыстық қалдықтарды жинау, балалар ойын алаңдарын ретке келтіру жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Тазалыққа үлес қосу үшін міндетті түрде ауқымды шара күтудің қажеті жоқ. Әр отбасы өз ауласын таза ұстап, қоқысты белгіленген орынға тастау арқылы қоршаған ортаны қорғауға үлес қоса алады. Сонымен қатар тұрғындар ортақ аумақтағы жасыл желектерге күтім жасап, абаттандыру жұмыстарына белсенді араласуда. Осындай қарапайым әрекеттер елді мекеннің санитарлық жағдайын жақсартып, адамдарға қолайлы орта қалыптастырады. Тазалық мәдениеті әр адамның күнделікті әдетінен басталғанда ғана тұрақты нәтижеге қол жеткізуге болады.

Құралбек СӘБИТОВ