Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» – ТАЗА АУЫЛ, ТАЗА ҚОРШАҒАН ОРТА

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» – ТАЗА АУЫЛ, ТАЗА ҚОРШАҒАН ОРТА

25 қаралым

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында Райымбек ауданы Шалкөде ауылдық округінде кезекті бейсенбілік ұйымдастырылып, тазалық жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында ауыл аумағын қоқыстан тазарту, көшелер мен қоғамдық орындарды ретке келтіру, санитарлық тазалықты сақтау бағытында жұмыстар атқарылды.

Тазалық жұмыстарына ауылдық округ қызметкерлері мен тұрғындар белсене қатысып, туған жердің көркеюіне өз үлестерін қосты. Осындай ортақ іске жұмылу ауылымыздың ажарланып, қоршаған ортаның таза әрі көрікті болуына септігін тигізеді.

Таза ауыл – баршаға ортақ міндет!
Қоршаған ортаны таза ұстау – әр азаматтың жауапкершілігі. Тазалықты бір күндік шара емес, күнделікті әдетке айналдырайық!

Шалкөде ауылдық округінің көркею жолындағы игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

Райымбек ауданы