Бүгін «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында Алатау қаласының бас имамы Қуаныш Жұмаханұлы мен қалалық ішкі саясат бөлімі бірлесіп, Жетіген шағынауданында «Адал қоғам» аллеясын қалыптастыруға бағытталған көгалдандыру жұмыстарын ұйымдастырды.
Шара Ш. Уәлиханов көшесінің бойында өтті. Оған Алматы облысының бас имамы Мадияр Пірімқұлов, қалалық мәслихат депутаты, Алатау қаласы қоғамдық кеңесінің төрағасы, қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы, имамдар, жамағат өкілдері және Жетіген шағынауданының тұрғындары қатысты.
Шара барысында қылқан жапырақты және өзге де ағаш көшеттері отырғызылып, аумақты абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.
«Адал қоғам» аллеясы — қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауды арттырып қана қоймай, қоғамдағы адалдық, бірлік, жауапкершілік және туған жерге деген құрмет құндылықтарын дәріптеуге бағытталған игі бастама.
Осындай игі істер «Таза Қазақстан» қағидаттарын нақты іспен жүзеге асырып, тұрғындарды туған қаланы көркейтуге және қоршаған ортаны қорғауға жұмылдырады.
Сабит ПАНЖАЗОВ,
Құйған ықшамауданы қоғамдық кеңесінің мүшесі
Алатау қаласы