Перейти к содержимому

Тазалық – мәдениет айнасы

20 қаралым

«Таза Қазақстан» – қоршаған ортаны тазартуға бағытталған науқан ғана емес, әрбір азаматтың туған жеріне деген жанашырлығын арттыратын, қоғамдық жауапкершілікті қалыптастыратын және экологиялық мәдениетті орнықтыратын маңызды жалпыұлттық экологиялық бағдарлама.

Мемлекет басшысы айқындаған «Заң және тәртіп» қағидаты аясында қоршаған ортаны таза ұстау – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Қоғамдық орындардың тазалығын сақтау, қалдықтарды белгіленген орындарға тастау, табиғатқа ұқыпты қарау – құқықтық мәдениеттің және азаматтық жауапкершіліктің көрінісі.
Осыған байланысты «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында санитарлық тазалық талаптарының сақталуына ерекше назар аударылады. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес, ауылдық округ әкімдері өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік кодексінің 505-бабы бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы істерді қарауға құқылы. Бұл өкілеттік аталған кодекстің 729-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Аудан тұрғындарын, жастарды, кәсіпкерлерді, қоғамдық ұйымдарды және барлық еңбек ұжымдарын «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасына белсенді қатысуға шақырамыз. Туған жердің тазалығы әрқайсымыздан басталады. Әрбір тазаланған аула, әрбір жиналған қоқыс, әрбір көркейтілген көше – болашақ ұрпақ үшін жасалған игі іс. Бұл – тұрғындардың өмір сүру сапасын арттырумен қатар, қоғамда заңға құрметті, тәртіп пен жауапкершілік мәдениетін нығайтудың маңызды жолы.

Айтгүл Медеуова,
Жамбыл аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы