Перейти к содержимому

Тазалық – ортақ міндет

15 қаралым

Туған өлкенің тазалығы – әр азаматтың қоршаған ортаға деген жауапкершілігінен басталады. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында елді мекендерде абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Сенбіліктер барысында көшелер, аулалар мен қоғамдық орындар тазартылып, қоқыс жиналып, ағаштар әктеліп, жасыл желектер күтіп-бапталуда. Мұндай жұмыстардың басты мақсаты – елді мекендердің көркін арттырумен қатар, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру. Әсіресе, жастардың тазалық шараларына белсенді қатысуы қоршаған ортаға ұқыпты қараудың жақсы үлгісін көрсетеді. Тазалықты сақтау тек арнайы ұйымдастырылған сенбілікпен шектелмеуі керек. Өйткені таза әрі жайлы орта қалыптастыру – баршаға ортақ іс.

Құралбек СӘБИТОВ