Тазалық пен тәртіп – кез келген елді мекеннің көркі мен мәдениетінің маңызды көрсеткіші. Осы бағытта «Таза Қазақстан» акциясы аясында түрлі экологиялық және абаттандыру шаралары өткізіліп келеді. Тұрғындар аулалар мен көшелерді тазалап, қоғамдық орындардың көркеюіне өз үлестерін қосуда. Сенбілік кезінде қоршаған аумақтар ретке келтіріліп, тұрмыстық қалдықтар жиналады. Ортақ іске жұмылған адамдардың еңбегі елді мекеннің таза әрі жайлы болуына мүмкіндік береді. Акцияның басты мәні – бір реттік тазалық жұмыстарымен шектелмей, экологиялық жауапкершілікті күнделікті өмір салтына айналдыру. Тазалық сақталған жерде адамдардың да қоғамдық ортаға деген құрметі қалыптасады. Сондықтан әр азамат өзінен бастап, айналасын таза ұстауға көңіл бөлуі қажет. «Таза Қазақстан» – тазалықты ғана емес, ұқыптылықты, жауапкершілікті және ортақ іске жанашырлықты насихаттайтын маңызды бастама.
Ерзат АСЫЛ