Перейти к содержимому

Тазалық – туған жерге құрмет

27 қаралым

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясындағы жұмыстар Балқаш ауданында да жүйелі түрде жалғасып келеді. Елді мекендерде көшелерді, аулаларды, қоғамдық орындар мен әлеуметтік нысандардың аумағын тазалауға ерекше мән берілуде. Сенбіліктерге мемлекеттік қызметкерлермен қатар жастар, еріктілер, еңбек ұжымдары мен тұрғындар атсалысып келеді. Тазалық жұмыстарының басты мақсаты – қоршаған ортаны қоқыстан тазарту ғана емес, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру. Әрбір таза көше мен абаттандырылған аула туған жерге деген жанашырлықтың көрінісі. Сондықтан тазалықты сақтау бір күндік науқан емес, күнделікті өмір салтына айналуы тиіс.

Балқаш ауданы