Перейти к содержимому

Тазалықтан тәртіпке дейін

18 қаралым

Тазалық – елді мекеннің сыртқы келбетін ғана емес, тұрғындардың қоғамдық мәдениетін де көрсететін маңызды өлшем. «Таза Қазақстан» бастамасы аясында ұйымдастырылатын сенбіліктер мен абаттандыру шаралары осы жауапкершілікті күшейтуге ықпал етуде. Қоғамдық орындарды тазалау, заңсыз қоқыс орындарын жою, арықтар мен жол жиектерін ретке келтіру жұмыстарына түрлі сала өкілдері атсалысуда. Мұндай шаралардың нәтижесі бір күндік тазалықпен шектелмей, оны күнделікті сақтау дағдысына ұласуы қажет. Әр азамат өзінен кейін қоқыс қалдырмай, қоғамдық мүлікке ұқыпты қарап, айналасына жауапкершілікпен қараса, ортақ тәртіп те нығая түседі. Тазалыққа немқұрайды қарамау – туған жерге деген құрметтің бір көрінісі. Таза орта қалыптастыру – бір күннің емес, күн сайынғы еңбектің нәтижесі.

Алтынай СЕЙІТКЕН