Жастар – қоғамның белсенді бөлігі. Сондықтан олардың құқықтық сауатты болуының маңызы зор. Заңды білу жас адамның өз құқығын қорғауына мүмкіндік береді. Сонымен бірге ол өз міндетін де жақсы түсінеді.
Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу үшін түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілуі қажет. Мектептер мен колледждерде құқықтық кездесулердің пайдасы мол. Жасөспірім заң алдындағы жауапкершілікті ерте түсінгені дұрыс. Бос уақытты тиімді өткізу де маңызды.
Спортпен айналысу, шығармашылықпен шұғылдану жастардың дамуына ықпал етеді. Жаман әдеттер мен теріс ортадан аулақ болған жөн.
Әрбір әрекеттің салдары бар екенін жастар ұмытпауы керек.
Құқықтық мәдениет бір күнде қалыптаспайды. Ол білім, тәрбие және жеке жауапкершілік арқылы орнығады. Заңды құрметтеген жас – қоғамға пайдалы азамат. Жастардың құқықтық сауаты – елдің берік болашағының негізі.
Құралбек СӘБИТҰЛЫ