Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Заңды сақтау арқылы қоғам болашағына үлес қос!

Заңды сақтау арқылы қоғам болашағына үлес қос!

1 қаралым

Заң мен тәртіп қағидаты қоғамның барлық саласында жауапкершілікті күшейтуді көздейді. Құқықтық мәдениеті жоғары азамат өз міндетін орындап қана қоймай, айналасындағылардың да құқықтарын құрметтейді. Мұндай ортада отбасындағы жанжал, қоғамдық тәртіпті бұзу, алаяқтық және басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік мол. Бүгінде интернеттегі қауіпсіздік мәселесіне де ерекше мән берген жөн, себебі алаяқтар түрлі әдістер арқылы азаматтарды алдауға тырысады. Сондықтан күмәнді ақпаратқа сенбеу, жеке мәліметтерді қорғау және заңсыз әрекеттерге жол бермеу – әр адамның міндеті. Құқықтық сауаттылық артқан сайын азаматтардың өз қауіпсіздігіне деген жауапкершілігі де күшейеді. Заңды сақтау – жазадан қорқу емес, қоғамның тыныштығы мен болашағына үлес қосу.

Алтынай СЕЙІТКЕН