Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтыру, заңдылықты нығайту және заңға бағынатын мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру жөніндегі саясатты дәйекті түрде жүргізіп келеді. Бұл ретте құқықбұзушылықтардың алдын алу жөнінде іс жүзіндегі профилактикаға және мемлекеттік қызметшілердің дербес жауапкершілігін арттыруға ерекше мән беріледі. Осы бағытты дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 1 сәуірдегі №200 қаулысымен бекітілген 2025–2030 жылдарға арналған қоғамда «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету жөніндегі тұжырымдамасында құқықтық мәдениетті арттыру және заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыру жөніндегі жүйелі шаралар айқындалған.
«Тәртіпке бағынған құл болмайды» деп даңқты батыр Бауыржан Момышұлы айтпақшы, бұл мәселе бүгінде су саласында да өте өзекті болып тұр. Мемлекет басшысының судың «қара нарығын» жою жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі ҚР Бас прокуратурасымен бірлесіп республикалық және өңірлік деңгейлердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар мен ведомствоаралық өзара іс-қимылды қамтитын Жол картасын әзірледі.
Сонымен қатар, 2026 жылға арналған Әдеп жөніндегі уәкілдердің жұмысының үлгілік жоспары шеңберінде Министрлік сыбайлас жемқорлық және өзге де құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша жүйелі профилактикалық жұмыс жүргізуде. Осы мақсатта бассейндік су инспекциялары мен министрлікке бағынысты ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинарлар өткізу, қызметтік әдеп нормаларын түсіндіру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін қарау және қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне баруды көздейтін көшпелі іс-шаралар кестесі қалыптастырылды.
Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне бару «Заң мен тәртіп» мемлекеттік саясаты, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және су саласында заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар шеңберінде жүргізілетін профилактикалық жұмыстың жалпы кешеніндегі тәжірибеге бағдарланған шаралардың бірі болып табылады. Мұндай формат құқыққа қайшы мінез-құлықтың құқықтық және әлеуметтік салдарын көрнекі түрде түсіндіруге, дербес жауапкершілікті арттыруға және сыбайлас жемқорлық пен өзге де құқықбұзушылықтарға төзбейтін көзқарасты қалыптастыруға мүмкіндік береді.
«Д.Қонаев атындағы ҮАК» филиалында ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің мекеме ұжымында сыбайлас жемқорлық әрекеттердің алдын алу және қолайлы моральдық-психологиялық жағдайды қалыптастыру бойынша тапсырмасын орындау мақсатында «ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы және мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби әдебін сақтау» тақырыбында семинар дәріс өтті. Шарада ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттінің Алматы облысы бойынша департаменті қызметкері Д.Мұхамедияров баяндама жасады. Семинарға «Д.Қонаев атындағы ҮАК» филиалының директоры Қайрат Бисембаев, директордың орынбасары С.Еңсеген, Бас инженер Е.Ермеков, ұжым 88 қызметкері онлайн және оффлайн форматта қатысты. Жиналыста заң бұзушылықтарға, яғни, қызметкерлер арасында жанжалдың туындауы, пара беру, құмар ойындарға салыну, қызметтік лауазымын асыра пайдалана отырып, квазимемлекеттік мекеменің мүмкіншілігін жеке кәсіпке қолдануға жол бермеу мәселелері түсіндірілді. Ереже сақталмаған жағдайда құқықтық жауапкершілікке тартылып, жаза тағайындалатыны ескертілді.
Бұдан өзге, сыйбайлас жемқорлықтың алдын алуға арналған профилактикалық іс-шараларды Алматы облысы Полиция департаментімен бірлесіп өткізу ұйымдастырлуда. 2026 жылғы 28 қыркүйек пен 2 қазан аралығында қылмыстық атқару жүйесіне тиісті орынды нақтылап, «Д.Қонаев атындағы ҮАК» филиалының жауапты қызметкерлерін түзеу мекемелеріне апарып, қылмыстың салдары қандай болатынын, жазасын өтеушілерді қандай өмір күтіп тұрғанын өз көздерімен көру үшін арнайы шара жоспарлануда.
Елгүл НҰҒЫМАН
Талғар ауданы