Перейти к содержимому

Зорлықтың алдын алу – ортақ міндет

15 қаралым

Құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары қоғамның барлық мүшесінің қатысуын талап етеді. 2026 жылғы 2 наурыздан бастап құқық бұзушылық профилактикасына қатысты жаңа заң қолданысқа енгізілді. Онда құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын анықтап, оларды жоюға басымдық берілген. Алдын алу шараларында заңдылық, жүйелілік және адам құқықтарын сақтау қағидаттары көзделген. Отбасындағы зорлықтың белгілерін ерте анықтау маңызды. Қоғам мүшелері тиісті органдарға дер кезінде хабарлау арқылы қауіптің алдын алуға үлес қоса алады. «Заң мен тәртіп» қағидатының мәні де құқық бұзушылықты болдырмауға бағытталған.

Құралбек СӘБИТОВ

↑