«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында Алматы облысының Алатау қаласының Қоянқұс және Жетіген ықшамаудандарында кезекті сенбілік ұйымдастырылды.
Тазалық жұмыстарына Алатау қаласы әкімдігінің қызметкерлері белсенді қатысып, аталған аумақтарды қоқыстан тазарту, абаттандыру және санитарлық тазалықты қамтамасыз ету жұмыстарына атсалысты.
Сенбіліктің негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, қаланы көркейту және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы мұндай игі бастамалар қала аумағының тазалығын сақтауға және тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Тазалық жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.
Роза ҮМБЕТОВА
Алатау қаласы
