Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Адами капитал – мемлекет тірегі

Адами капитал – мемлекет тірегі

17 қаралым

2026 жылғы Жолдауда мені ерекше қуантқан бағыттардың бірі – білім, ғылым және жаңа технологияларға басымдық берілуі. Себебі кез келген мемлекеттің ұзақ мерзімді дамуы, ең алдымен оның адами капиталының сапасына байланысты.
Бүгінгі әлемде табиғи ресурстардың өзі елдің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ете алмайды. Негізгі артықшылық – білімді ұрпақ, кәсіби мамандар, білікті инженерлер мен жаңалық ашуға қабілетті ғалымдар. Сондықтан жасанды интеллектіні меңгеру, цифрлық сауаттылықты арттыру және ғылымды өндіріспен байланыстыру – уақыт талабы.


Әсіресе, Президенттің жаңа технологияларды экономиканың түрлі саласына енгізу жөніндегі тапсырмалары білім беру жүйесіне де үлкен міндет жүктейді. Біз балаларды тек дайын ақпаратты қабылдауға емес, сыни ойлауға, ізденуге, зерттеуге және жаңа идеяларды жүзеге асыруға үйретуіміз керек.
Сонымен бірге ауыл мен қала мектептері арасындағы білім сапасының алшақтығын азайту, педагогтердің кәсіби дамуына жағдай жасау, ғылымға жастарды тарту мәселелері де назардан тыс қалмауы тиіс.
Менің пайымдауымша, бүгінгі мектеп партасында отырған бала – ертеңгі Қазақстанның инженері, ғалымы, кәсіпкері немесе мемлекет қайраткері. Сондықтан білімге бағытталған әрбір инвестиция – елдің болашағына жасалған инвестиция.
Біздің міндетіміз – технологиялық өзгерістерге ілесетін ғана емес, сол өзгерістерді жасайтын ұрпақ тәрбиелеу.

Салтанат РЫСБЕКҚЫЗЫ,
Райымбек батыр атындағы орта мектептің директоры
Еңбекшіқазақ ауданы

↑