Перейти к содержимому

Аппараттық кеңес өткізілді

64 қаралым

Алматы облысы Әділет департаментінде құрылымдық бөлімшелерінің, сондай-ақ аумақтық мәжбүрлеп орындату бөлімдері басшыларының қатысуымен аппараттық кеңес өткізілді.
Кеңес барысында әділет органдары қызметінің негізгі бағыттары бойынша өзекті мәселелер қаралып, құрылымдық және аумақтық бөлімшелердің жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған міндеттер талқыланды.
Сонымен қатар азаматтар мен заңды тұлғалардың eOtinish платформасы арқылы келіп түсетін өтініштерін қарау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, өтініштерді қараудың белгіленген мерзімдері мен тәртібін сақтау, берілетін жауаптардың сапасы, сондай-ақ әрбір өтінішті объективті әрі жан-жақты қараудың маңыздылығы талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша жауапты бөлімшелерге жұмыстың сапасын арттыруға және қойылған міндеттердің уақтылы орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған тиісті тапсырмалар берілді.

Алматы облысы Әділет департаментінің
баспасөз қызметі

↑