Конституция азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын бекітеді. Оның нормаларын білу әр адамға өзінің заңды мүддесін қорғауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар азаматтардың қоғам алдындағы міндеттері де бар. Заңды сақтау және басқа адамдардың құқықтарын құрметтеу – ортақ жауапкершілік. Конституциялық мәдениет балалық шақтан қалыптасқаны дұрыс. Бұл бағытта отбасы, мектеп және қоғам бірлесе жұмыс істеуі қажет. Ата Заңды құрметтеу – мемлекетке деген құрметтің белгісі.
Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ
