«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында Қазақстан ауылдық округінде «Жасыл аймақ» ағаш отырғызу акциясы ұйымдастырылды.
Акция барысында «Жасыл ел» жастар жасағы Қазақстан ауылы, Ж.Қайыпов көшесіндегі балалар ойын алаңын және оның айналасын қоқыстан, қураған шөптен тазартты. Сондай-ақ ойын алаңының маңына 20 түп ағаш отырғызды. Игі бастамаға «Жасыл ел» еңбек жасақтарының жастарымен қатар ауыл жастары да белсене қатысып, туған өлкені көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына өз үлестерін қосты.
Ағаш отырғызу – табиғатты қорғаудың ғана емес, келешек ұрпаққа таза әрі көркейген орта қалдырудың маңызды қадамы. Осындай игі істер жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, туған жерге деген жанашырлығын арттыра түседі.
Табиғатты аялау – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз. Бір тал ексек те, оның көлеңкесі болашақ ұрпаққа сая болатыны сөзсіз.
Дана ӘБДІКОВА,
Қазақстан ауылдық округінің жастар ісі
жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы
Еңбекшіқазақ ауданы
