Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / «Заң мен тәртіп» – дәрігерлер назарында!

«Заң мен тәртіп» – дәрігерлер назарында!

20 қаралым

Мемлекет басшысы медицина саласын дамытуға әрдайым баса назар аударып келеді. Қазір де осы бағытта ауқымды жұмыс істеліп жатыр.

«Заң мен тәртіп» қағидаты денсаулық сақтау жүйесінде де ерекше маңызға ие.

Осы орайда, Кеген аудандық ауруханасында жұмыс беруші мен қызметкерлер арасында «Заң және тәртіп» қағидаттарын іске асыру мақсатында мақсатында бас қосты.

Кездесудің негізгі мақсаты – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бекіткен «Әділетті Қазақстан» идеясын дәріптеу және медицина мамандарының азаматтық жауапкершілігін арттыру.

Сондай-ақ, «Заң мен тәртіп» аясында Кеген аудандық аурухананың бас мейірбикесі Жадыра Омарова сөз сөйлеп, медицинадағы әділ шешім мен кәсіби этиканың маңызын атап өтіп, медициналық заңнама талаптарын түсіндірді.

Жиын барысында әділдік пен жауапкершілік, кәсіби біліктілік, заң мен тәртіп аясында сөз қозғалып, мамандар қоғамдағы қауіпсіздік пен заң үстемдігінің рөліне тоқталды. 

Заң мен тәртіп бар жерде әділдік, бейбіт өмір мен қауіпсіздік орнайды. Сондықтан әр азамат заңды құрметтеп, өз іс-әрекетіне жауапты болуы қажет.

Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

Кеген ауданы

↑