Перейти к содержимому

ЕСІРТКІГЕ ЖОЛ ЖОҚ!

135 қаралым

Ұйғыр ауданының полиция қызметкерлері тұрғындар арасында есірткі қылмысының алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ақпараттық жұмыстар барысында есірткі заттарын заңсыз сақтау, тасымалдау және таратуға қатысты жауапкершілік түсіндіріліп, әсіресе интернет пен мессенджерлер арқылы жастарды заңсыз әрекетке тартатындардың әдістері туралы айтылды. «Оңай ақша табуға» уәде ететін күмәнді ұсыныстардың соңы қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін екені де ескертілді.

Сонымен қатар есірткі заттарын жасырын орындарға жеткізіп, қалдырумен айналысатын адамдардың әрекетіне тоқталып, мұндай іске араласудың өзі заң алдында жауап беруге негіз болатынын айтып, мұндай жағдайлар нақты мысалдар арқылы да түсіндірілді.

Полиция қызметкерлері тұрғындарды күмәнді ұсыныстардан аулақ болуға, интернеттегі ақпаратқа сақтықпен қарауға және құқық бұзушылықтың кез келген белгісіне бейжай қарамауға шақырды. Әсіресе ата-аналарға балалардың интернеттегі қауіпсіздігіне көңіл бөліп, есірткінің зияны мен заңсыз әрекеттің салдарын түсіндіру қажеттігі айтылды.

Анар ДҮЙСЕНБАЙҚЫЗЫ

Ұйғыр ауданы

↑