Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / Қауіпсіз қоғам – ортақ жауапкершілік

Қауіпсіз қоғам – ортақ жауапкершілік

130 қаралым

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – тек құқық қорғау органдарының міндеті емес, барша азаматқа ортақ жауапкершілік. Көшедегі тәртіпті сақтау, қоғамдық орындарда әдеп нормаларын ұстану және құқық бұзушылықтарға бейжай қарамау қауіпсіз ортаны қалыптастыруға ықпал етеді.
Бұл ретте полиция мен тұрғындар арасындағы өзара байланыс маңызды рөл атқарады. Азаматтар күмәнді жағдайларды дер кезінде хабарлап, қоғамдық тәртіпті сақтауға атсалысса, көптеген келеңсіздіктің алдын алуға болады. Сонымен қатар құқық қорғау органдарының тұрғындармен кездесуі, түсіндіру жұмыстары мен профилактикалық шаралар да қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған.
Қауіпсіздік әр адамның күнделікті әрекетінен басталады. Заңды құрметтеп, айналасына жауапкершілікпен қарайтын қоғамда тыныштық пен өзара сенім орнығады.

Ерзат АСЫЛ

↑