Алкогольдік масаң күйде көлік басқару жүргізушінің реакциясын баяулатып, жағдайды дұрыс бағалау қабілетін төмендетеді. Мұндай жағдайда рөлге отыру тек жүргізушінің өзіне емес, жолаушылар мен басқа да жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндіреді.
Кейде адамдар аз мөлшерде алкоголь ішкеннен кейін көлік жүргізуге болады деп ойлайды. Алайда алкогольдің әсері адамның жағдайына және басқа да факторларға байланысты өзгеруі мүмкін. Сондықтан ішімдік ішкеннен кейін көлік жүргізбеу керек. Қажет болса, такси шақыру немесе басқа қауіпсіз көлік түрін таңдау қажет.
Жолдағы жауапкершілік адамның дұрыс шешім қабылдауынан басталады. Бір сәттік немқұрайдылықтың салдары ауыр болуы мүмкін. Мас күйде көлік жүргізуге жол бермеу – адам өмірін қорғаудың маңызды шарты.
Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ

