Отбасындағы тыныштық пен өзара сыйластық қоғамның тұрақтылығына әсер етеді. Алкогольді шамадан тыс тұтыну кей отбасыларда түсініспеушілік пен жанжалдың туындау қаупін арттырады. Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін отбасы мүшелері бір-біріне қолдау көрсетіп, мәселелерді өзара құрмет негізінде шешуге ұмтылуы қажет. Зиянды әдеттерге тәуелділік белгілері байқалғанда, мамандардың көмегіне жүгінген дұрыс. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа кез келген жағдайда жол берілмеуі тиіс. Қауіп төнген кезде құқық қорғау органдарына хабарлау маңызды. Отбасындағы қауіпсіздік пен бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарау – әрбір ересек адамның міндеті.
Құралбек СӘБИТОВ
