Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / Өз мүлкіңді қорғау – өз қауіпсіздігіңді ойлау

Өз мүлкіңді қорғау – өз қауіпсіздігіңді ойлау

133 қаралым

Жеке мүліктің сақталуы адамның тұрмыстық қауіпсіздігімен тікелей байланысты. Үйді, көлікті және өзге де бағалы заттарды қараусыз қалдыру ұрлық пен басқа да құқық бұзушылықтарға жағдай жасауы мүмкін. Сондықтан қарапайым сақтық шараларын күнделікті дағдыға айналдырған жөн.
Мәселен, үйден шығарда есік-терезелерді тексеру, көлікті қауіпсіз жерге қою, бағалы заттарды көзге көрінетін жерде қалдырмау маңызды. Сондай-ақ жеке құжаттар мен банк карталарының деректерін бөгде адамдарға бермеу керек.
Мүліктік құқықтарды қорғауда азаматтардың құқықтық сауаттылығы да үлкен рөл атқарады. Егер ұрлық немесе өзге де құқық бұзушылық орын алса, оқиғаны жасырмай, құқық қорғау органдарына хабарлау қажет. Сақтық таныту мен заң талаптарын білу – жеке қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тиімді жолы.

Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

↑