«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында мекеме алаңында жүргізілген түсіндірме жұмыстары – қоғамда адалдық пен әділдікті қалыптастыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі.
Кеген ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Жомарт Дүкембаев бөлім қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша жиын өткізді.
Бұл шараның басты мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырып, жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту, заң талаптарын құрметтеуге шақыру болды.
Мекеме басшысы Жомарт Дүкембаев сыбайлас жемқорлық заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кесел екенін атап өтті.
Жиын барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын қатаң сақталуын қамтамасыз ету, қызметтік өкілеттіктерді жеке немесе өзге тұлғалардың мүддесін пайдалануға жол бермеу, мемлекеттік сатып алу, бюджеттік қаражатты жоспарлау және игеру, кадрлық шешімдер қабылдау, мемлекеттік қызмет көрсету барысында заң талаптарын бұлжытпай сақтау, мүдделер қақтығысына жол бермеу және олар туындаған жағдайда заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылдау, мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша түсіндіру және профилактикалық жұмыстарды тұрақты жүргізу, қызметтік өкілеттіктерді жеке басының немесе үшінші тұлғалардың мүддесін пайдалануға жол бермеуді, азаматтардың өтініштерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде сапалы және обьективті қарауды қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын сақтап, азаматтармен қарым-қатынаста сыпайылық, әділдік және ашықтық қағидаттарын басшылыққа алу, бағынысты қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының алдын алу бойынша тұрақты профилактикалық жұмыстар жүргізуді, кез келген заң бұзушылық фактілері анықталған жағдайда оларды жасыруға жол бермей, уәкілетті органдарға заңнамада белгіленген тәртіппен дереу хабарлау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жиын қорытындысы бойынша бөлім қызметкерлеріне өз қызметінде ашықтықты қамтамасыз ету, азаматтармен жұмыс барысында заңдылық пен әділдікті басшылыққа алу міндеттелді.
Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ
Кеген ауданы
