Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / ІЛЕ АУДАНЫНДА БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ІЛЕ АУДАНЫНДА БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

51 қаралым

Алматы облысындағы Іле ауданы әкімінің орынбасары Асқар Садықовтың төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Отырыс барысында комиссияның қарауына ұсынылған екі материал қаралып, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.

Асқар Садықов өз сөзінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың құқықтарын қорғау бағытында профилактикалық жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.

«Әрбір баланың қауіпсіздігі мен құқықтарының қорғалуын қамтасыз ету қажетпіз. Сондықтан туындаған мәселелерді шешумен қатар, олардың алдын алуға және жауапты мекемелердің өзара іс-қимылын күшейтуге басымдық беруіміз қажет», – деді аудан әкімінің орынбасары.

Отырыс барысында көтерілген мәселелерді шешу жолдары мен тиісті шараларды жүзеге асыру бағыттары талқыланды.

Іле ауданы әкімінің баспасөз қызметі

↑