Қазақ халқы байырдан табиғатпен үндесіп, «Жер – қазына, су – алтын» деп қоршаған ортаны ерекше қадірлеген. Бүгінгі таңда елімізде өріс алып жатқан «Таза Қазақстан» қозғалысы – сол ата-бабамыздан қалған асыл мұраны қайта жаңғыртудың айқын көрінісі.
Қазіргі таңда калдықтарды сұрыптау, пластиктен бас тарту, су мен энергияны үнемдеу сияқты қарапайым әдеттер әр шаңырақтың күнделікті қағидасына айналуы қажет. Бастаманың басты мақсаты – тұрғындар арасында «қоқыс тастамау» ұғымын берік қалыптастыру. Себебі тазалық бар жерде береке де, денсаулық та болады.
Еліміздің көркі мен табиғи байлығын сақтап қалу – мемлекеттің ғана емес, әрбір азаматтық парызы. Көшедегі кішігірім қоқысты арнайы жәшікке тастаудың өзі – «Таза Қазақстан» жобасына қосылған үлкен үлес. Еліміздің ажарын ашып, болашақ ұрпаққа таза, жасыл әрі қауіпсіз орта қалдыру өз қолымызда.

