«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында Алматы облысы Алатау қаласының барлық шағынаудандарында санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.
Қала аумағында ұйымдастырылған сенбіліктер барысында Жетіген, Заречный, Арна, Дәулет, Қоянқұс, Жаңдәуір және басқа да шағынаудандарда тазалық жұмыстары атқарылды.
Сенбілік кезінде көшелер мен қоғамдық орындардың аумағы тазартылып, жиналған қоқыстар шығарылды. Сонымен қатар аумақтарды ретке келтіру және санитарлық жағдайды жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілді.
Аталған жұмыстардың негізгі мақсаты – қаланың тазалығын қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау және тұрғындарға қолайлы әрі таза орта қалыптастыру.
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы тазалық және абаттандыру жұмыстары Алатау қаласының барлық аумағында жалғасын табады.
Қалдықыз ЕСЕНБАЕВА
Алатау қаласы
