Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / Жол қауіпсіздігі – әр адамның жауапкершілігі

Жол қауіпсіздігі – әр адамның жауапкершілігі

121 қаралым

Жол қозғалысы ережелерін сақтау – жүргізуші мен жаяу жүргіншінің өмірін қорғайтын негізгі талап. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін көлік тізгіндеген адам да, жолдан өтетін жаяу жүргінші де өз әрекетіне жауапкершілікпен қарауы қажет.
Жүргізушілер белгіленген жылдамдықты сақтап, қауіпсіз арақашықтықты ұстанып, көлік басқару кезінде телефонға алаңдамауы керек. Ал жаяу жүргіншілер жолды арнайы өткелден өтіп, бағдаршам белгілеріне назар аударғаны жөн. Балаларға жолда жүру тәртібін үйрету де маңызды.
Жолдағы қауіпсіздік бір сәттік шешімге байланысты болуы мүмкін. Сондықтан асығыстыққа жол бермей, ережелерді қатаң сақтау қажет. Әрбір жауапты әрекет адам өмірін сақтап қалуға ықпал етеді.

Ерзат АСЫЛ

↑