Перейти к содержимому

Зиянды әдеттен аулақ болайық!

110 қаралым

Денсаулық – адамға берілген ең үлкен құндылықтардың бірі. Оны сақтау үшін зиянды әдеттерден бас тартып, дұрыс өмір салтын ұстану қажет. Алкогольді шамадан тыс қолдану адамның мінез-құлқына әсер етіп, түрлі келеңсіз жағдайларға алып келуі мүмкін. Әсіресе жастар арасында оның алдын алу жұмыстарына ерекше мән берген жөн. Спорттық секциялар мен шығармашылық үйірмелер жастардың уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік береді. Отбасындағы дұрыс тәрбие де зиянды әдеттердің алдын алуда маңызды рөл атқарады. Салауатты ұрпақ – мемлекеттің берік болашағы.

Ерзат АСЫЛ

↑