«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Алматы облысындағы Алатау қаласында 37 рет тазалық шарасы өткізілді.
Іс-шараларға әкімдік қызметкерлері мен белсенді тұрғындар қатысып, қаланың тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты.
Тазалық жұмыстары барысында аялдамалар, балалар ойын алаңдары және қаланың бірнеше ықшамауданы қоқыстан тазартылды.
Тазалық — ортақ міндет, қоршаған ортаны қорғау — әр азаматтың жауапкершілігі! Бірге таза әрі көрікті қала қалыптастырайық!
Розы ҮМБЕТОВА
Алатау қаласы

