Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Елдің өркендеуі – әр азаматтың ортақ мақсаты, болашаққа бастар сенімді жол!

Елдің өркендеуі – әр азаматтың ортақ мақсаты, болашаққа бастар сенімді жол!

141 қаралым

         Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауы  – еліміздің дамуына жаңа серпін беріп, халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға және мемлекетіміздің болашағын нығайтуға бағытталған маңызды қадам. Онда айтылған ел игілігі жолындағы құрылыс – халықтың қажеттіліктерін ескеріп, заманауи әрі қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастырудың негізі. Салынатын жаңа нысандар мен сапалы инфрақұрылым – өңірлердің дамуына қосылатын үлкен үлес болмақ. Сондай-ақ Жолдауда айтылған әлеуметтік саланың өркендеуі – сапалы білім, білікті медициналық қызмет және халыққа қолайлы жағдай жасау арқылы көрініс табады. Әрбір азаматтың игілігі үшін жасалған жұмыс ел болашағына салынған инвестиция болып табылады.

         Қалалар мен өңірлердің жаңғыруы – заманауи инфрақұрылым, тиімді көлік жүйесі, қолжетімді тұрғын үй және жайлы қоғамдық кеңістіктер арқылы жүзеге асады. Дұрыс жоспарланған даму халықтың өмір сапасын арттырады. Ал саяси реформалар мен жаңғыру – әділ қоғам қалыптастырудың, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырудың және халық сенімін нығайтудың маңызды тетігі. Ашықтық пен жауапкершілік әрбір бастаманың басты қағидасы болуы керек.

         Менің пайымдауымша, мемлекеттің шынайы жетістігі тек экономикалық көрсеткіштермен ғана емес, әрбір азаматтың өміріндегі оң өзгерістермен бағаланады. Сондықтан қолға алынған жобалар халықтың әл-ауқатын көтеріп, жастарға мүмкіндік беріп, еліміздің барлық аймағының әлеуетін дамытуға бағытталуы қажет. Еліміздің жарқын болашағы – бірлігімізде, еңбегімізде және ортақ мақсатқа деген жауапкершілігімізде!

         Бірге дамып, бірге биіктерге жетейік!

Айнұр ЕСБАЕВА,

Мыңбаев ауылындағы орта мектеп директоры, Ыбырай Алтынсарин медалінің иегері

Жамбыл ауданы

↑