Кейде көрші үйден шыққан айқайға адамдар араласуды артық көреді. Бірақ тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуда бейжай қалмау маңызды. Егер біреудің өміріне қауіп төніп жатқанын байқасаңыз, тиісті қызметтерге хабарлау азаматтық жауапкершіліктің белгісі. Мұндай жағдайда мәселені өз бетіңізше ушықтырмай, кәсіби көмекке жүгінген дұрыс. Бір адамның дер кезінде жасаған әрекеті екінші бір адамның өмірін сақтап қалуы мүмкін.
Құралбек СӘБИТОВ

