Перейти к содержимому

Көрікті Қаскелең

43 қаралым

«Таза Қазақстан» жалпы­ұлт­тық эколо­гиялық бағ­дарламасы аясында қара­сайлықтар ағаш отыр­ғызу акциясын өткізді. Сенбілікке Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естенов, мемле­кеттік органдар мен еңбек ұжым­дарының өкілдері, сондай-ақ жастар арасынан шыққан еріктілер қатысты.

Шара барысында Қаскелең қала­сының орталық көшелерінің бірі – Абылай хан көшесіне ерекше назар аударылды. Көше бойына барлығы 150 түп ағаш көшеті отырғызылды. Оның ішінде 100 түп қарағай мен 50 түп қайың бар. Сонымен қатар, аталған көше қоқыстан тазартылды.
Бізге берген сұхбатында аудан әкімінің орынбасары Бексұлтан Ақылбек көктем мен күз ағаш отырғызуға қолайлы мезгіл болғандықтан осы мүмкіндікті тиімді пайдалану маңызды екенін айтты.
– Бүгін ауа райы тамаша! Осы күнді игі іске арнап, аудан орталығын көгалдандыруға тағы бір шағын үлес қоса алғанымызға қуаныштымыз. Сонымен қатар, ауданның барлық ауылдық округінде де сенбіліктер өтіп жатыр. Ағаш отырғызу ісі әлі де жалғаса береді, – деді Бексұлтан Ақылбекұлы.

Қуат Қайранбаев

Қарасай ауданы

↑