Перейти к содержимому
Басты бет / Цифрлық технология / Цифрландыру – ел дамуының жаңа мүмкіндігі

Цифрландыру – ел дамуының жаңа мүмкіндігі

3 қаралым

Цифрлық технологиялар қоғамның дамуына серпін беріп, экономиканың түрлі саласын жаңғыртуға мүмкіндік береді. Бүгінде Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіру, ақпараттық жүйелерді жетілдіру және жасанды интеллектіні енгізу бағытында жұмыстар жүргізілуде. 2026 жыл елімізде Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланып, бұл бағыттағы бастамаларға ерекше назар аударылды. Цифрлық шешімдер азаматтардың уақытын үнемдеп, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді. Сонымен қатар кәсіпорындардың жұмысын автоматтандыру өндіріс тиімділігін көтеріп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Цифрландырудың табысты болуы заманауи инфрақұрылыммен қатар, халықтың цифрлық сауаттылығына да байланысты. Сондықтан технологияны меңгеру мен оны күнделікті өмірде тиімді пайдалану – уақыт талабы.

Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ

↑