Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / Секундтық алаңғасарлық — мыңдаған тағдырдың сынуы

Секундтық алаңғасарлық — мыңдаған тағдырдың сынуы

98 қаралым

Жол көлік оқиғалары (ЖКО) туралы суық статистиканы оқығанда көбіміз жай ғана цифр көреміз. «Пәлен жерде авария болыпты, бес адам жарақат алыпты». Ал сол цифрлардың артында анасының ақ жолын күтіп отырған балалар, жарсыз қалған жұбайлар немесе арманы қырқылған жастар тұрғанын сезіне бермейміз.

Өмірден бір мысал келтірейік. Қала көшелерінің бірінде болған оқиға. Жас жігіт жұмыстан шығып, әйелі мен екі баласына асығып келе жатқан. Қолына телефон келіп, хабарламаға жауап беремін деп бір секундқа көзін жолдан тайдырған. Сол сәтте қарсы бағыттан шыққан көлікті байқамай қалып, соқтығыс болды. Тірі қалды, бірақ екі аяғынан айырылып, арбаға таңылды. «Бір минуттық хат үшін бар өмірімді құрттым» деп өкінеді ол қазір. Бірақ кеш.

АЙЖАРЫҚ КӨПТІЛЕУОВ

↑