Перейти к содержимому
Басты бет / Таза Қазақстан / Тазалық – ортақ жауапкершілік

Тазалық – ортақ жауапкершілік

38 қаралым

Қоршаған ортаны қорғау және елді мекендердің тазалығын сақтау – баршаға ортақ міндет. «Таза Қазақстан» бастамасы аясында табиғатты аялау, көшелер мен қоғамдық орындарды таза ұстау бағытындағы жұмыстардың маңызы артып келеді. Тазалық шаралары тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, қоршаған ортаға деген жауапкершілігін күшейтеді. Әсіресе, жастардың осындай игі іске белсенді қатысуы өскелең ұрпаққа үлгі болары сөзсіз. Әрбір тұрғын өз ауласын таза ұстап, тұрмыстық қалдықтарды белгіленген орындарға тастау арқылы табиғатты қорғауға үлес қоса алады. Таза әрі жайлы орта қалыптастыру тек сенбіліктермен шектелмей, күнделікті дағдыға айналуы қажет. Өйткені туған жердің тазалығы – елге деген құрметтің айқын көрінісі.

Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ

↑