Көлік жүргізу кезінде телефонға алаңдау жүргізушінің назарын жолдан бөледі. Бірнеше секундтық немқұрайлылықтың өзі апатқа себеп болуы мүмкін. Хабарлама оқу немесе қоңырауға жауап беру үшін көлікті қауіпсіз жерге тоқтатқан дұрыс. Жол қозғалысында басты назар көлікке және айналадағы жағдайға аударылуы тиіс. Рөлдегі жауапкершілік телефондағы хабарламадан әлдеқайда маңызды.
Ерзат АСЫЛ

