Қоршаған ортаны қорғаудың маңызды бағыттарының бірі – жасыл желек көлемін арттыру. «Таза Қазақстан» акциясы аясында ағаш отырғызу және көгалдандыру жұмыстарына ерекше көңіл бөлінуде. Көшеттерді күтіп-баптау арқылы елді мекендердің экологиялық жағдайын жақсартуға мүмкіндік бар. Ағаштар ауаны тазартып қана қоймай, айналаның көркін ашады. Табиғатты аялау мен жасыл аймақтарды көбейту – келешек ұрпақ алдындағы маңызды міндет.
Ерзат АСЫЛ

