Әлеуметтік желілерде есірткі таратуға байланысты заңсыз ұсыныстар мен жеңіл табыс туралы хабарландырулар кездеседі. Мұндай ұсыныстардың артында қылмыстық жауапкершілік пен адам тағдырына төнген қауіп тұруы мүмкін. Заңсыз заттарды сақтау, тасымалдау және тарату заңмен қудаланады. Жастар күмәнді ұсыныстардан бас тартып, күдік тудыратын жағдайлар туралы тиісті органдарға хабарлауы керек. Адал еңбекпен келген табыстың ғана қадірі бар.
Ерзат АСЫЛ

