Көлік тізгініне отырғанда өзімізді әлемнің ең мықты жүргізушісі сезінетініміз рас. Бірақ сол жүргізушілердің көшедегі асығыстығы мен телефонына телміруі жүздеген жазықсыз жанның өмірін жалмап жатыр. Жол қозғалысы ережелері айыппұл төлеу үшін емес, аман-есен үйге жету үшін ойлап табыққан қағидалар. «Мен асығыспын» деген сылтау бір отбасының күлін көкке ұшыруы мүмкін екенін әрбір руль артындағы адам естен шығармауы тиіс.
АЙЖАРЫҚ КӨПТІЛЕУОВ

