Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Жолдауда ауыл шаруашылығы саласына көп көңіл бөлінді

Жолдауда ауыл шаруашылығы саласына көп көңіл бөлінді

41 қаралым

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында еліміздің даму жолына қажетті дүниелер өте көп көтерілді. Әсіресе мен үшін ауыл шаруашылығы саласы бойынша айтқан ұсыныстары өте орынды болды. Өйткені біз өмір сүріп жатқан Балқаш ауданы елімізге аграрлы өңір ретінде төскейінде малы, алқабында ақ күріші жайқалғандығымен кеңінен танымал. Оның үстіне өзімнің күнделікті тірлігім егінжай алқабында өтіп жатыр.
Президенттің айтуынша «былтыр ауыл шаруашылығы саласы шамамен 6 пайызға өсіп, агроөнеркәсіп кешенінде өндірілген өнім көлемі 15 триллион тенгеге жеткен. Сонымен қатар женілдетілген шарттармен қаржыландыру көлемі алдынғы жылмен салыстырғанда 1 триллион тенгеден 1,5 триллион тенгеге дейін ұлғайған. Алайда бөлінген қаражаттың бір бөлігі күнделікті қажеттіліктер мен айналым қаражатын толықтыруға жұмсалып отыр. Сондай-ақ осыған байланысты шаруалардың алдағы жұмысын ұзақ
мерзімге жоспарлауына мүмкіндік беретін қаржыландыру жүйесін қалыптастыру қажеттігін» айта келе, «Шаруаларға алдағы жұмысын ұзақ мерзімге жоспарлауға мүмкіндік беретін кең ауқымды қаржыландыру жүйесі керек», – деді.


Жолдауда айтылған осы ұсынысты біз қос қолдап қолдаймыз. Өйткені шынында да егіншілік саласында еңбектің көрігін қыздырып жүрген жандарға өздерінің жоспарларын нақты іске асыру үшін кең ауқымда қаржыландырылатын қаражат ауадай қажет-ақ. Президентіміз осы ұсынысымен біздің көкейімізде көптен бері жүрген түйінді мәселені дөп басып отыр.

Алмас ҚЫСТАУБАЕВ, «Агрофирма» Бірлік» ЖШС-нің директоры.

↑